Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Түркияның ұшқышсыз ұшақтары құрастырылады

Опубликовано:

ANKA
ANKA ұшқышсыз ұшағы. Фото: tusas.com

Қазақстанда Түркияның ұшқышсыз ұшақтары құрастырылмақ, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресми сайтында.

10 мамырда қазақстандық делегацияның Анкараға сапары аясында "Kazakhstan Engineering" ҰК" АҚ мен "Turkish Aerospace" арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.

Келісімге сәйкес, енді Қазақстанда "Kazakhstan Engineering" еншілес компаниясының базасында түріктің ANKA ұрмалы ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру және оларға техникалық қызмет көрсету желісі ұйымдастырылады.

Осылайша, Қазақстан ANKA дрондары өндірісі жолға қойылған алғашқы шет ел болмақ.

"Жаңа келісім бауырлас Қазақстанмен достық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді", - дейді TUSAŞ бас директоры Темел Котиль.

Айта кетейік, ANKA барлау және соққы дрондары 2013 жылы Түркияда шығарылып, ұрыс жағдайында сыналған.

ҰҰА–ның ең жоғары ұшу салмағы 1 700 келі, жүктемені 350 келіге дейін көтеруге қабілетті. Ол ең жоғары биіктікте (9 000 метр) 30 сағатқа дейін ұша алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968847-qazaqstanda-turkiyanyn-usqyssyz-usaqtary-qurastyrylady/

pixel