Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жауын-шашын салдарынан 40-тан астам аула мен жертөлені су басты

Опубликовано:

ТЖ салдарын жою жұмыстары
ТЖ салдарын жою жұмыстары. Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматыда жауын-шашын салдарынан 40-тан астам аула мен жертөле су астында қалды. Қалалық ТЖД қызметкерлері төтенше жағдай салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қатты жауын-шашын туралы дауылдық ескертуден кейін ТЖ салдарын жоюға аудандық әкімдіктердің, коммуналдық қызметтердің, "109" құтқару қызметінің, ТЖАБ мердігерлік ұйымдарының күштері мен қаражаты тартылды. Инертті материалдар дайындалды. "Қазселденқорғау" бақылау бекеттерінде бақылауды күшейтті",- деді Алматы ТЖД.

Ведомство қызметкерлері төтенше жағдай салдарын жоюды үйлестіру бойынша жедел штаб құрды. Сағат 18:00-дегі деректер бойынша "112" желісіне көпқабатты үйлердің ауласы мен жертөлесінің су астында қалғаны туралы 40-тан аса хабарлама түскен.

"Жетісу ауданында Жангелдин, Брюсов, Зубарев, Крылов көшелері бойындағы су басқан учаскелер мердігерлік ұйымдардың бақылауында. Инертті материалдары бар қаптар қойылды",- деді ведомствода.

Қалалық ТЖД мәліметінше, тиісті жұмыстар Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Наурызбай аудандарында жүргізіліп жатыр. Бұл аймақтарда жекеменшік пен көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы мен жертөлелерін, сондай-ақ, жер асты өткелдерін су басқан.

Ал Түркісіб ауданын су басқаны туралы ақпарат расталған жоқ. Одан бөлек, "109" пультіне апатты ағаштар мен бұтақтардың құлағаны туралы 23 хабарлама түскен.

"Сағат 18:30-дағы ақпарат бойынша "109" құтқару қызметі 12 нүктені пысықтады. Қазір аталған бағытта жұмыстар жалғасып жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968856-almatyda-zauyn-sasyn-saldarynan-40-tan-astam-aula-men-zertoleni-su-basty/

pixel