Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 4 жасар бала жерасты суға толы шұңқырға құлап көз жұмды

Опубликовано:

Шұңқыр
Видеодан кадр: "Астана" телеарнасы

Алматыда 4 жасар бүлдіршін жерасты суға лық толы шұңқырға құлап көз жұмды. Адам өліміне себеп болған шұңқыр кәріз сору станциясын салу үшін қазылған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қайғылы оқиға Алатау ауданындағы Қарасу шағын ауданында болған. Рамазан есімді бүлдіршін түскі мезгілде есік алдына ойнауға шығып, үй қасындағы шұңқырға тайып жығылған. Ол ересектер көмекке келгенше тұншығып қалған.

"Досым екеуміз көшеде кетіп бара жатқан едік. Баланың анасы көріп қалып, өзі көшеге айқайлап жүгіріп шықты. Бізді шақырған соң жүгіріп келіп, баланы көріп, шығарып алдық. Бірақ сәл үлгермей қалыппын. Қолымнан келгенін жасадым, бірақ ештеңе шықпады",- дейді Қарасу шағын ауданының тұрғыны Савердин Мырзамов.

Қайғылы оқиғадан соң мамандар шұңқырды қоршап қойған. Бірақ көпшілік оның қауіпті сейілтуі екіталай деп отыр.

"Осы кәріз, ауыз су мәселесінің шешілмей жүргеніне үш жыл болды. Ауыз су бірде бар, бірде жоқ. Орталық су құбырына қосамыз дегендеріне 3 жыл болды. Жолдың бәрі қазылған. Шұңқырлар көп",- деді тұрғын Катерина Лагуткина.

Аталған мәселеге қатысты Алматы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы Су және газбен жабдықтау бөлімінің бас маманы Еркебұлан Іліпбаев пікір білдірді

"Негізі кәріз сору станциясы жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес сол жерде орналасуы керек. Құрылыс қазба жұмыстары 25 сәуір күні басталған. Кейіннен жұмыс барысында жер асты сулары көп мөлшерде шыққандықтан кәріз сору станциясын орнату мүмкіндігі болған жоқ", - деді ол.

Қазір қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Баласынан айырылған жанұя мердігерді сотқа береміз деп отыр.

Ә. Лесбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968864-almatyda-4-zasar-bala-zerasty-suyna-lyq-toly-sunqyrga-qulap-koz-zumdy/

pixel