Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда толассыз жауған жаңбырдан 19 ағаш құлады (видео)

Опубликовано:

Құлаған ағаш
Видеодан кадр: instagram.com/akimat_almaty

Алматыда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 19 ағаш құлады. Бұл туралы қалалық әкімдік Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

"Ауа райының қолайсыз жағдайы, атап айтқанда желдің екпіні мен толассыз жауған жаңбыр салдарынан топырақ шайылып, ағаштардың тамырының босауына әкеліп соқтырды.

Алматы қаласының құтқару қызметіне ағаш діңдері мен ірі бұтақтардың құлағаны туралы 19 хабарлама келіп түсті, 1 автокөлік пен 1 үйге зақым келді", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Ведомство тұрғындардың арасында зардап шеккендер жоқ екенін, салдарды жою аудан әкімдіктерінің мердігерлік ұйымдарының және Алматы қаласы құтқару қызметінің күшімен жүргізілетінін атап өтті.

Залалдарды жоюға 12 жұмысшы мен 6 техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, 11 мамырда Алматыда нөсер жауып, салдарынан қала көшелері мен аулаларын су басқан еді. Кейін шаһардағы 40-тан астам аула мен жертөлені су басқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968874-almatyda-tolassyz-zaugan-zanbyrdan-19-agas-qulady-video/

pixel