Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыста шыбын-шіркеймен күреске ғалымдар жұмылдырылды

Опубликовано:

атты қаумалаған шыбын-шіркей
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысы Арыс қаласының аумағындағы ауылдарда шыбын-шіркейдің көбеюі көпшілікті алаңдатып отыр. Тіпті кей елдімекен тұрғындары бет әлпетін жауып тұратын арнайы киімдермен жүруге мәжбүр. Осы орайда шыбын-шіркеймен күресу үшін Арыс қаласына ғалымдар мен арнайы мамандар барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, "Ауыл" ХДПП мүшесі Төрегелді Құлмұратов бастап келген арнайы топ құрамында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биолог-этномологы Қаршыға Көшкімбаев, Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық сараптама орталығы" Түркістан облысы бойынша филиалының маманы Майра Халықова, Шымкент обаға қарсы күрес станциясының зоологы Досбол Еңкебаев пен Максим Кузьмин, био-өңдеуге арналған препараттар бойынша маманы Сандуғаш Қалмұратова бар.

Ғалымдардың айтуынша, олар ең алдымен шіркейлердің ошағын анықтап, түр-түсі мен көлемін және ерекшеліктерін зерделейді. Содан кейін ғана оған қарсы қандай препарат пайдаланған тиімді екендігін нақтылайды.

Ең алдымен Шөгірлі, Байырқұм, Қожатоғай, Жиделі ауылдық округтерінде бірнеше күн бақылау жүргізіледі. Тоғандар мен өзендердің, сондай-ақ Көксарай су реттегішінің жағалауына толығымен зерделеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін тиісті қорытынды шығарады.

Соның негізінде әкімдік тарапынан жәндіктерді улaуға тиісті биологиялық препараттар алынып, өңдеу жұмысы жүргізілмек.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысындағы елдімекен тұрғындары шыбын-шіркейден зардап шегіп отырғанын, тіпті далаға шығудан қалғанын айтып, жанақайын жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968880-arysta-sybyn-sirkeimen-kureske-galymdar-zumyldyryldy/

pixel