Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған тұрғын аман қалды

Опубликовано:

пәтер1
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар қаласында тоғызыншы қабаттан құлап кеткен азаматша аман қалды. Ол қазіргі уақытта ауруханада жатыр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс жағдай 11 мамыр күні болған.

Сол күні 14.37-де "112" пультіне Бектұров көшесіндегі үйлердің бірінен хабарлама келіп түскен.

Хабарламада тоғыз қабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен 1993 жылы туған тұрғынның құлап кеткені айтылған.

Ол үйге жапсарлас салынған медициналық орталықтың үстіне құлаған.

Оқиға орнына бірден бес құтқарушы мен бір техника жіберілген.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, зардап шегуіші кеуде омыртқасының сынуы, бас миының шайқаулы диагнозымен № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген. 

Тұрғынның бұғанасы мен бірнеше қабырғасы сынған. Қазіргі уақытта ол интенсивті терапия бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, 11 мамырда Нұр-Сұлтан қаласындағы көп қабатты үйдегі пәтердің терезесінен құлауға шақ қалған үш жасар қыз баланы Сәбит Шонтақбаев есімді ер адамның құтқарып қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968889-pavlodarda-togyzynsy-qabattan-qulagan-turgyn-aman-qaldy/

pixel