Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "рэкеттер бандасы" пайда болғаны рас па

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы полициясы қалада жергілікті кәсіпкерлерге қысым көрсететін "рэкеттер бандасы" пайда болғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін Алматыда ер адамдардың арасындағы жанжал атыспен аяқталып, екі адам жарақат алғаны туралы ақпарат тараған еді. Көп ұзамай БАҚ өкілдері атыс жергілікті кәсіпкер "рэкеттерге ақша беруден бас тартқаны үшін" болғанын жазды.

Алматы полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне рэкеттер жайлы ақпарат жалған екенін хабарлады.

"Рэкеттер жайлы ақпарат жалған. Атыс бір көшеде тұратын көршілердің арасында болған. Олардың бірнеше адам болғаны туралы мәлімет те шындыққа жанаспайды. Күдікті 1 адам, ол тез арада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды",- деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ол кімде-кім жалған ақпарат таратса, жауапкершілікке тартылатынын да еске салды

"Азаматтарға БАҚ пен әлеуметтік желі арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертемін", - деді департаменттің ресми өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968993-almatyda-reketter-bandasy-paida-bolgany-ras-pa/

pixel