Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адасып, мазарға түнеп шыққан: Түркістан облысында жоғалып кеткен қыз табылды

Опубликовано:

Қыз
Көрнекі фото: Pexels

Түркістан облысында 27 жастағы қыз үйінен жұмысқа кетіп, кешке қайта оралмаған. Осыдан кейін Мақтаарал тұрғыны полицияға жүгініп, қарындасының жоғалып кеткенін айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ер адам қарындасының таңғы сағат 9-да үйден шығып, сол күйі оралмағанын хабарлаған.

Тәртіп сақшылары фактіні тіркеп, бірден іздестіру жұмыстарына кіріскен. Полиция қызметкерлері ауыл-аймақтағы тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, қыздың баруы мүмкін жерлерді түгел қарап шыққан.

Бір тәулікке созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер 27 жастағы қызды "Мырзакент-Атакент" тасжолында жалғыз өзі жаяу кетіп бара жатқан жерінен тапқан. Бойжеткен отбасына аман-есен қайтарылған.

Полиция департаментінің мәліметінше, Мақтаарал тұрғыны жұмыстан қайтарда құрбысының үйіне барған. Содан кейін үйіне қайтпақ болған ол көлік тоқтату үшін жолға жаяу шыққан.

Осы аралықта кеш түсіп, бойжеткен жолдан адасып, мазарға түнеп шыққаны анықталған. Таңертең қайта жолға шыққан оны тәртіп сақшылары тауып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968997-adasyp-mazarga-tunep-syqqan-turkistan-oblysynda-zogalyp-ketken-qyz-tabyldy/

pixel