Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртанов ісі: Басты сот отырысы өтетін күн белгіленді

Опубликовано:

Бұрынғы министр
Фото: NUR.KZ /Алёна Бутенко

Бүгін Нұр-Сұлтанда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен экс-вице-министр Олжас Әбішевке қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы жалғасын тапты. Судья істі қайта прокуратураға қайтармау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сот қорғаушылардың істі прокурорға қайтару, істі жабу және бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

Судья басты сот отырысы 26 мамыр күні сағат 10:00-де болатынын мәлімдеді. Аталған мерзімге дейін және сот уақытында Біртанов пен Әбішев үйқамақта болады.

Еске сала кетейік, осыған дейін сот Біртанов пен Әбішев ісі бойынша басты сот отырысын бекітпеу туралы шешім қабылдап, істі олқылықтарды түзету үшін прокуратураға қайта жіберген болатын.

11 мамырда алдын ала тыңдалымның бірінші күні өтті. Отырыс кезінде Біртанов пен Әбішев прокуратура ешқандай олқылықты түзетпей, сотқа істі бұрынғы қалпында өткізгенін айтты.

Сондай-ақ адвокаттар мен күдіктелер басты сот отырысын тағайындамай, олқылықтарды түзету үшін істі прокуратураға қайтаруды сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969001-birtanov-isi-basty-sot-otyrysy-otetin-kun-belgilendi/

pixel