Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыл басынан бері 4 бала терезеден құлаған: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ата-аналарға ескерту жасады

Опубликовано:

терезенің алды
Көрнекі фото: pixabay.com

Ел астанасында жыл басынан бері балалардың терезеден құлауы бойынша 4 жағдай тіркелген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қала билігі ювеналды полиция инспекторларының көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлап кету фактілерінің алдын алу мақсатында елорда тұрғындарына профилактикалық жұмысты тұрақты түрде жүргізетінін атап өтті.

"Жазатайым оқиғалардың көп бөлігі ата-аналардың балалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауына байланысты болады. Бала ересектердің көз алдынан кеткенде, терезе ашық кезде, жалғыз қалғанда, құлап кету қаупі өте жоғары", - дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ата-аналарға баланы терезеден құлап кетуден қалай қорғау керектігі жөнінде кеңес берді:

  • егер балаңыз үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Сіз өзіңізді қасындамын деп ойлайсыз, бірақ сіздің ойыңыз бөлінген аз ғана уақытта балаңыздың өміріне қауіп төнуі мүмкін;
  • ешқашан москит торларына сенбеңіз, балалар оларға сүйеніп, онымен бірге құлап кетеді;
  • балаңыз терезені өз бетінше аша алмауы үшін терезелерге арнайы қорғау жүйелерін (бекіткіштер, бұғаттауыштар) орнатыңыз;
  • баланың өздігінен терезенің алдына шығып алмауы үшін жиһазды терезеден алысырақ жерге орналастырыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969009-zyl-basynan-beri-4-bala-terezeden-qulagan-nur-sultan-qalasy-akimdigi-ata-analarga-eskertu-zasady/

pixel