Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда метроның жаңа станциялары қашан ашылады

Опубликовано:

Метро
Фото: Алматы қаласы әкімдігіның баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде қалада метроның жаңа станциялары қашан ашылатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"2022 жылдың маусым айында біз метрополитеннің Әуезов ауданында орналасқан "Сарыарқа" және "Момышұлы" екі станциясын іске қосамыз, бұл метроның күнделікті жолаушылар ағынын 40 мыңнан 86 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді", - деді қала әкімі.

Сондай-ақ ол Төле би көшесін тесіп өту жұмыстары жүргізіліп жатқанын, ол үшін әкімдік 270 жер учаскесін босатуы қажет екенін айтты. Оның ішінде 207 учаске бойынша келісім жасалса, 63 учаске иесімен сатып алу құны бойынша келісімге келген.

"Бұл өткен жылы ашылған Абай даңғылындағы Момышұлы көшесінен батыс бағыттағы алты жолақты учаскемен бірге біздің мегаполистегі көлік ағындарын оңтайлы түрде қайта бөлуге және іргелес жатқан магистральдық көшелердегі көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді", - деді Ерболат Досаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969023-almatyda-metronyn-zana-stanciyalary-qasan-asylady/

pixel