Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау қашан басталады

Опубликовано:

Пәтер
Көрнекі фото: piqsels.com

"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау 18 мамыр күні басталады. Бұл туралы Әуезов ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен үшінші кездесуі Әуезов ауданында өтті. Іс-шараға ауданның 500-ден астам тұрғыны келді.

Ерболат Досаев баяндама жасау кезінде "Алматы жастары" қалалық бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталатын күнін жариялады.

Бағарлама бойынша құжатты биыл 18 мамырдан 1 маусымға дейін қабылдай бастайды.

Бағдарлама аясында қатысушыларға бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу үшін 18 млн теңгеге дейінгі сомаға 5 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі.

Бастапқы жарна - қарыз сомасының 10 пайызы, несиелеу мерзімі - 25 жылға дейін.

Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Олар: медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, жазушылар, халықты әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының мамандары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969035-almaty-zastary-turgyn-ui-bagdarlamasyna-quzat-qabyldau-qasan-bastalady/

pixel