Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бес баланың анасы дүниеге үшем әкелді

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте бес балалы 33 жастағы келіншек үшем босанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның ақпаратынша, Шымкент қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері үш сәби мен анасын бүгін перзентханадан сән-салтанатпен шығарып салған.

Айсұлтан, Алия және София есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Үшем 24 сәуір күні 35 апталық кезінде кесарь тілігі арқылы туған.

Сәбилердің салмағы 2000-2470 грамм аралығында, бойлары 40-42 см құрайды. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулығы жақсарған.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10 649 сәби дүние есігін ашқан. Оның 5165-і - қыз бала болса, 5484-і - ұл бала.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде Рамазан айында сәбилерге қандай есімдер ең көп қойылғанын жазған едік.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, сәуірде Рамазан есімді 1085 ұл бала, Медина есімді 430 қыз бала өмірге келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969037-symkentte-bes-balanyn-anasy-duniege-usem-akeldi/

pixel