Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында белгісіз аурудан мал қырылып жатыр

Опубликовано:

Сиыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысының тоғыз ауданында мал жаппай қырылып жатыр. Бүгінгі таңда 4 мыңға жуық ірі қара ауруға шалдығып, 24 бас ірі қара мал өлген. Ветеринарлар ауру малдан алынған биологиялық материалды сараптамаға жіберді, бірақ диагнозы әлі анықталған жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның жазуынша, Ақмола облысында мал жыл басынан бері ауыра бастаған. Тоғыз ауданнан – Астрахань, Аршалы, Бурабай, Бұланды, Ерейментау, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград және Біржан сал аудандарынан шағым түсті.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда 3,8 мың ірі қара және 1,7 мың ұсақ мал ауруға шалдыққан. 24 бас ірі қара өлді.

Ветеринарлар аурудың клиникалық белгілері стоматит, аусыл және жұқпалы ринотрахеитке ұқсас екенін атап өтті. Негізгі белгілері – сілекейдің көп бөлінуі және тәбеттің болмауы.

Малдың нақты немен ауырып жатқанын ветеринарлар әлі анықтай алмай отыр.

"Аса қауіпті ауруларға диагностика жүргіздік. Сәуір айында Еркіншілік ауылынан ауру малдың биоматериалдары (қан сарысуы мен сілекей) екі рет зертханаға жөнелтілді. Нәтижесі теріс шықты", - деді ветеринария басқармасы.

Мал иелеріне әзірге шикі сүт пен сүт өнімдерін тұтынбауға қатаң кеңес берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969038-aqmola-oblysynda-belgisiz-aurudan-mal-qyrylyp-zatyr/

pixel