Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сирек құбылыс": Елімізде жапан далада жүрген киік-альбинос видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Киік
Видеодан кадр: instagram.com/qazaqexpeditionclub

Қазақстанда жапан далада жүрген киік-альбинос видеоға түсіп қалды. Бейнеролик авторы оны браконьерлерден қорғау үшін түсірілім орнын жария еткен жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Киіктің ерекше төлінің видеосы Instagram желісіндегі Qazaq Expedition Club парақшасында пайда болды. Жазба авторының айтуынша, бейнежазбаны қорық қызметіндегі инспекторлардың бірі жіберген.

Сондай-ақ онда киіктің ерекше жануар екені айтылады. Себебі олар 50-70 мың жыл бұрын пайда болып, мамонттар дәуірінен бүгінге дейін жеткен.

Видео астына зоолог Алтай Жатқанбаев пікір жазып, киік-альбинос Қазақстан аумағында бірінші рет көзге түскенін айтты.

"Бұл ұлы қазақ даласындағы сирек құбылыстың ерекше видеосы",- деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ұлттық табиғи паркі аумағында қар барысы фототұзаққа түсіп қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969081-sirek-qubylys-elimizde-zapan-dalada-zurgen-kiik-albinos-videoga-tusip-qaldy/

pixel