Қазақстаннан қант шығаруға уақытша тыйым салынады

Опубликовано:

қант
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда қант экспортына алты айға тыйым салынды. Тиісті бұйрықты Ауыл шаруашылығы министрі шығарған. Құжат НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған.

"Қазақстан Республикасының аумағынан ақ қантты және құрғақ қант шикізатын әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынсын", - делінген құжатта.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен аталған тыйымның енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету тапсырылған.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 23 мамырда қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, 2022 жылы наурыз айында елімізде қант тапшылығы пайда болған еді. Бұл тауарды дүкен сөрелерінен табу мүмкін болмады. Ал табылған күннің өзінде қымбат бағада сатылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969113-qazaqstannan-qant-sygaruga-uaqytsa-tyiym-salynady/

jitsu gif