Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 16 мамырда іске қосылады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Премьер-министрдің инфрақұрылымдық мәселелер жөніндегі орынбасары Роман Скляр мұнай-газ форумы аясында жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Роман Скляр кеше және бүгін банктер өздерінің корпоративтік рәсімдерін, Директорлар кеңесінің отырыстарын өткізіп жатқанын хабарлады.

Оның сөзінше, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" банктермен тиісті келісімшарттар жасап үлгерді.

Банктердің мәліметінше, 16 мамырдан бастап олар автонесиелерді жылдық төрт пайыз мөлшерлемемен бере бастайды. Бағдарламаға екінші деңгейлі бес банк қатысады.

Айта кетейік, осыған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресми сайтында қазақстандықтарға берілетін жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттарын түсіндірген еді.

Жеңіл автокөліктерді сатып алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:

  • сыйақы мөлшерлемесі - 4 пайыз;
  • бастапқы жарна - 0 пайыздан бастап;
  • несиелендіру сомасы - 10 млн теңгеден;
  • қаржыландыру мерзімі - 7 жылдан;
  • көлік құралының құны - 15 млн теңгеден аспау қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969146-elimizde-zenildetilgen-avtonesie-bagdarlamasy-16-mamyrda-iske-qosylady/

pixel