Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

35 градус ыстық, жаңбыр, бұршақ: Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Көктем
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы демалыс күндері Қазақстанның шығысында, батысындаа және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ жел күшейеді деп күтілуде. Дегенмен ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді деп болжанып отыр.

Еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз сынап бағанасы 17-25 градусқа дейін, ал елдің оңтүстігінде 18-28 градустан 23-35 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Метеорологтардың дерегінше, мамырда елімізде күн құбылмалы болады. Яғни, ауа температурасы жоғарылап, кейде төміндеуі де мүмкін. Ал түнгі уақытта, тіпті үсік жүруі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969153-35-gradus-ystyq-zanbyr-bursaq-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel