Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда АЕК, ең төменгі күнкөріс деңгейі мен зейнетақы мөлшері өсті

Опубликовано:

Доллар
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстанда айлық есептік көрсеткіштің (АЕК), ең төменгі күнкөріс деңгейінің, базалық зейнетақы төлемінің және ең төменгі зейнетақының жаңа мөлшері бекітілді. Олардың қаншалықты өскенін KAZ.NUR.KZ журналистері анықтады.

Естеріңізге сала кетейік, инфляция дәлізінің 8-ден 10 пайызға дейін өзгеруіне байланысты Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін тағы 4 пайызға индекстеу туралы шешім қабылданды.

Биылғы алғашқы өсім 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылған. Осылайша, жылдық мәнде АЕК, ең төменгі күнкөріс деңгейінің және базалық зейнетақының мөлшері 9 пайызға, ал ең төменгі зейнетақының мөлшері 11 пайызға өсуі тиіс.

Бұл есептік көрсеткіштер "2022 - 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес ұлғайтылды.

Қазақстандықтар жаңа мөлшердегі зейнетақы мен жәрдемақыны сәуір және одан кейінгі айларға алуы тиіс. Сәуірден заңға қол қойылған айға дейінгі уақыт үшін төлемдер қайта есептеледі, ал тиісті үстемақылар кезекті зейнетақы немесе жәрдемақыға қосылады.

Жаңартылған құжатта 2022 жылғы 1 сәуірден бастап мынадай өзгерістер көрсетілген:

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшерін 20 191 теңге деңгейінде белгілеу (жыл басынан бері ол 19450 теңге еді);

- ұсынылатын түзетулерге сәйкес зейнетақының ең төменгі мөлшері 48 032 теңгеге тең болады (бұрын - 46 302 теңге);

- Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 3 180 теңге (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК 3 063 теңгеге тең болды);

- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын 37 389 теңге (ағымдағы сәтте 36 018 теңге) деңгейінде белгілеу жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969154-qazaqstanda-aek-en-tomengi-kunkoris-dengeii-men-zeinetaqy-molseri-osti/

pixel