Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевты тұтқында ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Опубликовано:

Абақты
Көрнекі фото: Sputnik/Владимир Песня

Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевты тұтқында ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 12 мамыр күні күдікті Қайрат Сатыбалдыға қатысты тұтқында ұстау мерзімін 1 айға ұзартты.

Сондай-ақ сот 10 мамырда күдікті Қайрат Боранбаевқа да қатысты тұтқында ұстау түрінде санкцияланған бұлтартпау іс-шарасының мерзімін тағы 1 ай мерзімге ұзартылғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталып, тергеу изоляторына қамалғанын хабарлаған болатын.

Агенттік оның мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты оған қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сонымен қатар наурыз айында кәсіпкер Қайрат Боранбаев та ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969169-qairat-satybaldy-men-qairat-boranbaevty-tutqynda-ustau-merzimi-tagy-uzartyldy/