Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда енді қандас мәртебесін электронды форматта тегін алуға болады

Опубликовано:

Халыққа қызмет көрсету орталығы
Халыққа қызмет көрсету орталығы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" қызметі цифрлық форматқа көшірілді. Енді бұл қызмет "Электрондық үкімет" (eGov.kz) порталында қолжетімді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, бұған дейін "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" қызметін еліміздің халыққа қызмет көрсету орталықтары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетіп келген.

Енді қандас мәртебесін алу немесе ұзарту үшін eGov.kz порталы арқылы өтінім беруге болады.

  • Ол үшін қолданушыда ЖСН мен электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет.
  • Қызметті алу үшін өтініш беруші барлық міндетті жолдарды толтырып, сұратылған құжаттарды қоса беруі тиіс. Тіркелген файлдар pdf немесе jpg форматында болуы керек.
  • Өтінім берген кезде қолданушы қандас мәртебесін алу немесе ұзарту қажет отбасы мүшелері үшін де мәліметтерді толтыра алады. Бұл ретте отбасы мүшелерінің санына шектеу жоқ. Бұдан әрі өтінімге Электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) арқылы қол қою қажет.

Ұсынылған деректер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелері арқылы тексеріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 4 жұмыс күні.

Айта кетейік, өтініште ұсынылған құжаттар мен мәліметтер дұрыс болмаған жағдайда, қолданушыға мемлекеттік қызмет көрсетілмейді. Ал өтінімнің қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы мәлімет электрондық құжат түрінде қолданушының eGov.kz порталындағы "Жеке кабинетіне" жіберілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969212-qazaqstanda-endi-qandas-martebesin-elektrondy-formatta-tegin-aluga-bolady/

pixel