Елімізде "Стелс-Омикрон" штамы анықталды

Опубликовано:

індет11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі "Стелс-Омикрон" штамының айналымын анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі министрліктің Telegram-каналына сілтеме жасап.

Сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингтің қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясы штамдарының түрлі нұсқаларының айналымы анықталған.

Еліміздің барлық өңірлерінде BA.1 "Омикрон" штамы 98,6% анықталды. Оның ішінде 12 өңірде BA.2 "Стелс-Омикрон" штамы 36,7% кездесті.

Сонымен қатар министрлік B. 1.617-like Delta штамының айналымда жүргенін және зерттелетін сынамалар санының 1,4%-ын құрайтынын жеткізді.

ПТР скрининг нәтижелерін растау үшін толық геномдық секвенирлеу жүргізіледі, ол ағымдағы айдың соңына қарай аяқталмақ.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанына қарамастан, Денсаулық сақтау министрлігі ел тұрғындарын коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны, ревакцинацияны уақытылы жасауға шақырды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау үшін халыққа вакциналардың 3 түрі (Пфайзер, Синофарм және КазВак) қолжетімді, олардың 2-уін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус инфекциясы штамдарының айналымына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969241-elimizde-stels-omikron-stamy-anyqtaldy/