Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура Серік Күдебаевтің қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінгенін растады

Опубликовано:

Серік Күдебаев
Серік Күдебаев. Видеодан кадр: instagram.com/police_almobl

Еліміздің Бас прокуратурасы Алматы облысының полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтің қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінгенін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Иә, ол қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған. Бірқатар БАҚ оның ісіне қатысты сауал жолдаған болатын. Жарияланып жатқан ақпараттар сол сауалдың жауабына негізделген", - дейді Бас прокуратура өкілі.

Айта кетейік, 25 сәуірде бірқатар БАҚ-та генерал-майор Серік Күдебаевтің Ішкі істер органдарынан кеткені туралы ақпарат тарап, Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ол мәліметті растаған еді.

Еске сала кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін Алматы облысы полиция департаметінің басшысы болып Арыстанғани Заппаров тағайындалған болатын.

Кейін ІІМ тәртіптік комиссиясы төтенше жағдай режимі кезінде Алматы облысы бойынша полиция департаменті басшылығының өз міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша қызметтік тергеу материалдарын қарағаны белгілі болды.

Нәтижесінде Алматы облысы ПД бастығының орынбасалары мен Талдықорған қалалық ПБ басшысы қызметінен босатылды.

Одан бөлек екі полиция департаменті мен ҰҚК-нің Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары бойынша департаментінің басшыларына қатысты тергеу жүріп жатқаны хабарланған еді.

Болжам бойынша 5 қаңтар күні олар ғимараттарын қаруымен қалдырған. Осы фактілерге қатысты қызмет бабындағы әрекетсіздік бабы бойынша 9 қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969260-bas-prokuratura-serik-kudebaevtyn-qantar-oqigasy-boiynsa-kudikke-ilingenin-rastady/

pixel