Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еміне 140 мың доллар қажет": Тек егде адамда кездесетін онкологиялық дертке шалдыққан жасөспірім көмекке мұқтаж

Опубликовано:

Ем алып жатқан Әлішер
Ем алып жатқан Әлішер. Видеодан кадр: КТК арнасы

Тек егде адамда кездесетін онкологиялық ауруға шалдыққан жасөспірімге көмек қажет. 16 жастағы Әлішерге түркиялық онкологтар трансплантация жасауға әзір. Бірақ жеткіншектің еміне 140 мың доллар керек, деп хабарлайды КТК арнасы.

Әлішер Құлатаевқа дәрігерлердің қойған диагнозы - гепатоцеллюлярлы карцинома яғни бауыр ісігі және оның төртінші сатысы. Айтуынша оны емдеуге үлкен қаражат керек.

"Бағасы 140 мың доллар. Қазіргі уақытта мен Стамбұлдамын. Мен сіздерден көмек сұраймын. Өтінемін, көмектісіңіздерші", - дейді дертімен күресіп жатқан Әлішер Құлатаев.

Телеарнаның дерегінше, бес жасында бауырында пайда болған гемангиомадан қатер жоқ деген дәрігерлер, оған тек жыл сайын тексерістен өтіп тұруын айтыпты. Алайда былтыр бауыры ісініп онкологиялық дерт анықталған.

Бірден Қарағандыдан елордаға барған Әлішерге бауырының сол жақ бөлігіндегі ісікті алып тастау үшін ота жасалған. Бірақ азғазаның қалған бөлігінде метастаздар анықталған.

Әлішер қазір Түркиядағы клиникалардың бірінде емделіп жатыр. Оның анасы қайырымды жандардың көмегімен шетелге аттанған. Алайда жиып-терген қаражат таусылуға жақын екен. Сондықтан олар қайырымда жандардан көмек сұрауға мәжбүр екенін айтады.

"Астанада төрт курс химия алып, 16 сәуірде Стамбұлға келдік. Баланы тексеріп, барлық емін жасап жатыр. Сіздерден өтініп, Алла разылығы үшін баламның еміне көмек сұраймын. 140 мың доллар көлемінде, қазір бізге химия және иммунохимия, бауыр ауыстыруға ота жасайтын болады. Көмек беріңіздерші, өтініш!", - дейді Әлішердің анасы Қарлығаш Құлатаева.

Әлішермен байланысып, көмек көрсету үшін байланыс нөмірі: Кaspi: 8 701 264 68 72 .

Дереккөз КТК арнасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969269-emine-140-myn-dollar-qazet-tek-egde-adamda-kezdesetin-onkologiyalyq-dertke-saldyqqan-zasospirim-komekke-muqtaz/

pixel