Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы хайуанаттар бағына келген екі жігіт қоршаудан өтіп, жолбарысты ызаландырған

Опубликовано:

Жолбарыс
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі Instagram-дағы ресми парақшасында зообақта болған келеңсіз жайт туралы айтты.

Олардың мәліметінше, 7 мамыр күні хайуанаттар бағына келген екі жас жігіт тақтайшаларда жазылған есккертудерді елемей, қорғаныс қоршауларынан аттап өтіп, техникалық аумаққа кіріп, қоршаудағы жолбарысты ызаландырған.

Одан бөлек жігіттер жануарға әлде бір заттарды лақтырып, мазасын алып, зообаққа келуші басқа адамдарды балағаттаған.

"Өкінішке қарай, біздің қауіпсіздік қызметкерлері хайуанаттар бағының әр бұрышында тұра алмайды. Өйткені зообақ аумағы үлкен – 21 гектар жерде орналасқан. Біз жануарларға қатысты осындай дөрекі іс-әрекеттерге жол берілгенін қаламаймыз. Қазіргі уақытта осы мәселе жан-жақты қарастырылып жатыр. Кінәлілер міндетті түрде жазасын алатын болады. Зообақ – бұл біздің жануарларымыздың үйі.

Сондықтан хайуанаттар бағына келгенде барлық талап-ережелерді сақтауды талап етеміз! Осындай жағдайларды болдырмай, алдын алу үшін зообаққа келушілерден басқалардың тәртіп сақтамай, ереже бұзған оқиғаларына куә болған жағдайда дер кезінде зообақ қызметкерлеріне хабарлап айтуын сұраймыз", - дейді Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі.

Еске сала кетейік, бұған дейін тыйым салынғанына қарамастан жолбарысты тамақтандырмақ болған америкалық азаматтың қолынан ауыр жарақат алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969277-almaty-xaiuanattar-bagyna-kelgen-eki-zigit-qorsaudan-otip-zolbarysty-yzalandyrgan/

pixel