Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Абай даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Опубликовано:

жол жөндеу жұмыстары
Көрнекі фото: pixabay.com

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты Алматы қаласындағы Абай даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды қалалық әкімдік ресми сайтында.

"Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 14 мамыр сағат 22:00 мен 15 мамыр сағат 06:00 аралығында Абай даңғылының Алтынсарин көшесінен Саин көшесіне дейінгі бөлігінің оңтүстік бетінде көлік қозғалысы уақытша шектелетін болады", - дейді Алматы қаласының әкімдігі.

Әкімдіктің мәліметінше, Абай даңғылының Алтынсарин көшесінен Саин көшесіне дейінгі бөлігінің солтүстік бетінде де жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан аталған бөлік 15 мамыр сағат кешкі 22:00-ден 16 мамыр сағат таңғы 06:00-ге дейін жабық болады.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - дейді қалалық әкімдіктен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969286-almatyda-abai-dangylynyn-bir-boliginde-kolik-qozgalysy-uaqytsa-sekteledi/

pixel