Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ӨКМ Операторы" шотына салынған шектеулер алынды

Опубликовано:

дөңгелек
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің бас прокуроры Берік Асылов Twitter-дегі парақшасында "ӨКМ Операторы" шотына салынған шектеулер алынғанын хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп қабылданған шаралармен "Оператор РОП" ЖШС-ның 198 млрд теңгесi бар шотынан бұрын салынған шектеулер алынды.

Үкімет оның 100 млрд теңгесін жеңілдетілген автонесие алуға, қалған қаржыны басқа әлеуметтік жобаларға жолдады", - дейді Берік Асылов.

Еске сала кетейік, президент биылғы жылдың 11 қаңтарда өткен мәжіліс отырсында "ӨКМ Операторы" компаниясының қызметін сынға алып, үкіметке ЖШС-нің утильдік алымды әкімшілендіру қызметін тоқтатуды тапсырған еді.

Кейін "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің ( "Оператор РОП" - ред.) утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылып, оның міндттерін жаңа оператор "Жасыл даму" АҚ орындайтыны белгілі болды.

Ал қаңтар айының соңында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтің ұсталғаны белгілі болды.

Сондай-ақ наурыз айының басында "ӨКМ Операторының" бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны белгілі болды.

Одан бөлек 1 сәуірде "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы басқарушы директорының да ұсталғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969293-okm-operatory-sotyna-salyngan-sekteuler-alyndy/

pixel