Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте тергеу изоляторынан күдікті қашып кеткені үшін ҚАЖД қызметкерлері жазаланды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Күдіктінің тергеу изоляторынан қашып кеткені үшін Шымкент қалалық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 17 қызметкері жазаланды. Тағы біреуі ішкі істер органдарынан босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Роликте ұрлық жасады (Қылмыстық кодекстің 188-бабының 4-бөлігі) деп айыпталған ер адам уақытша ұстау изоляторынан еш кедергісіз шығып кеткен. Ол алдымен автотұрақ жаққа барған, кейін белгісіз бағытта ізін жасырған.

"Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қызметтік тексеріс жүргізді, қызметтік міндетін дұрыс атқармаған 17 қызметкерге қатаң тәртіптік жаза қолданылып, бір қызметкер ішкі істер органдарынан қызметінен босатылды", - деп хабарлады Шымкент ҚАЖД баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, оқиға 11 мамыр күні болған еді. Дегенмен күдікті бір күннен кейін ұсталды. Енді ол мұнай-газ құбырынан ұрлық жасады және түзеу мекемесінен қашып кетті деп айыпталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969327-symkentte-tergeu-izolyatorynan-kudikti-qasyp-ketkeni-usin-qazd-qyzmetkerleri-zazalandy/

pixel