Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында екі кішкентай қыз пешке кіріп, бірі көз жұмды

Опубликовано:

Пеш
Көрнекі фото: pexels.com

Ақмола облысының Қосшы кентінде ойнап жүріп пештің ішіне кірген қыз балалардың бірі көз жұмды, екіншісі ауруханада жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстовның мәліметінше, 14 мамыр күні Қосшы қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының диспетчерінен 2015 жылы туған қыздың көз жұмғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы аттанған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 14 мамыр күні түскі уақытта 2015 және 2014 жылы туған қыз балалардың ойнап жүріп пештің ішіне кіргенін, кенет пештің есігі сыртынан жабылып қалып, олардың өз бетінше шыға алмай қалғанын анықтаған.

Салдарынан 2015 жылы туған қыз бала оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сараптама тағайындалды.

Ал 2014 жылы туған қыз бала Нұр-Сұлтан қалалық балалар ауруханасына "ауыр дәрежедегі гипоксия" диагнозымен жеткізілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында құтқарушылар дәретханаға түсіп кеткен бір жасар баланы аман алып қалған еді.

Одан бөлек Шымкентте өрт сөндірушілер жертөледе отпен ойнаған екі баланы құтқарып қалған болатын.

Сондай-ақ ШҚО-да флягаға кіріп, өздігенін шыға алмай, кептеліп қалған бүлдіршін құтқарылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969372-aqmola-oblysynda-eki-kiskentai-qyz-peske-kirip-biri-koz-zumdy/

pixel