Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда бір жарым жасар бүлдіршін 9-қабаттан құлап кетті

Опубликовано:

Терезеден құлаған ойыншық
Көрнекі фото: Константин Шелков/ Pavlodarnews.kz

Павлодарда бір жарым жасар қыз бала 9-қабаттан құлап кетті. Сәби ауыр жарақатпен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылым дерегінше, қайғылы жағдай Толстой көшесі, 90 мекенжайындағы тұрғын үйде болған. Қыз бала тоғызыншы қабаттан дүкеннің күнқағарына құлаған. 

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Оған кататравма, ауыр бас сүйек-ми жарақаты, мидың ауыр дәрежедегі соғылуы, травматикалық шок диагнозы қойылған.

"Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол инотропты қолдау және өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - дейді денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетейік, 11 мамырда елордада көп қабатты үйдегі пәтердің терезесінен құлауға шақ қалған үш жасар қыз баланы Сәбит Шонтақбаев есімді ер ада құтқарып қалған еді.

Осы батыл әркеті үшін Сәбит Шонтақбаев "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталып, оған елордадан үш бөлмелі пәтер берілді.

Үш жасар баланы құтқару кезінде Сәбит Шонтақбаевпен бірге болып, көмектескен Сағи Жылқышиевке де пәтер бұйырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969382-pavlodarda-bir-zarym-zasar-buldirsin-9-qabattan-qulap-ketti/

pixel