Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлікті зақымдаған": Алматы облысында жол бойындағы көкпардың видеосы тарады

Опубликовано:

Көкпар
Видеодан кадр: instagram.com/kaskelenkz

Алматы облысы Қаскелең қаласында көкпар ойынына қатысушылар көшедегі қозғалысқа кедергі келтіріп, көліктердің бірін зақымдаған. Ал автокөлік иесі құқыққорғау органдарына шағымданған. Қазір көкпарды кім ұйымдастырғаны анықталып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан ат үстіндегі 30-40 адамның жол бойындағы көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп жатқанын аңғаруға болады.

Жазба авторы қатысушылар Қаскелеңнің орталығында көкпар тартқанын айтып отыр.

"Көкпаршылар қала тұрғындарын шошытты. Олар көшеде тұрған көліктерді зақымдады. Кейбір видеодан олардың тұрақта тұрған көліктерді зақымдағанын байқауға болады. Аттар тұяғымен оларды сырып кеткен. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, көкпаршылар ойынды түсіруге тыйым салып, тіпті сес көрсеткен", - делінген жазбада.

Бұған қатысты пікір білдірген Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталмыш факті 15 мамыр күні Қарасай ауданының әкімшілік орталығында тіркелген.

Көкпар өткізу жергілікті билікпен келісілмегені де анықталды. Қазір құрыққорғаушылар оның ұйымдастырушысы мен қатысушыларын іздеп жатыр.

"Көкпар беру Қарасай аудандық әкімдігімен келісілмеген. Ойынға қатысушылардың бірнеше көшеме жүріп өткені анықталып отыр. Факті ресми түрде тіркелді.

Аудандық полицияға көлігіне зақым келген 34 жастағы азаматтан арыз түсті. Қазіргі уақытта ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Олар міндетті түрде жауапкершілікке тартылады", - дейді ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969471-kolikti-zaqymdagan-almaty-oblysynda-zol-boiyndagy-kokpardyn-videosy-tarady/

pixel