Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қанша уақытқа жоспарланған: Министрлік жауап берді

Опубликовано:

ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков жеңілдетілген автонесие бағдарламасы елімізде қанша уақытқа жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сапарбеков жылдық мөлшерлемесі 4 пайызды құрайтын автонесие бағдарламасы ұзақ мерзімді екенін атап өтті.

"Бағдарлама бір күндік емес, бұны түсіну керек. Бағдарлама 30 жылға есептелген және осы уақыт ішінде адамдар бұл бағдарламаға қатыса алады", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресми сайтында қазақстандықтарға берілетін жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттарын түсіндірген еді. Жеңіл автокөліктерді алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:

  • сыйақы мөлшерлемесі - 4 пайыз;
  • бастапқы жарна - 0 пайыздан бастап;
  • несиелендіру сомасы - 10 млн теңгеден;
  • қаржыландыру мерзімі - 7 жылдан;
  • көлік құралының құны - 15 млн теңгеден аспау қажет.

Несие беруді екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады.

Еске сала кетсек, бүгін 16 мамырда елімізде жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы іске қосылды.

Осы орайда, белгілі экономист Мақсат Халық несиенің бұл түрі қарапайым халыққа тиімді ме деген сауалға жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969472-zenildetilgen-avtonesie-bagdarlamasy-qansa-uaqytqa-zosparlangan-ministrlik-zauap-berdi/

pixel