Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында зорлау дерегі бойынша күдікке ілінген азаматтың қамаудан қашып кеткені рас па

Опубликовано:

тергеу изоляторы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген 30 жастағы азаматтың қамаудан қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Аталған хабарламаға қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство әлеуметтік желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Құзырлы органның дерегінше, 30 жастағы ер адам Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасады (Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) деген күдікке ілінген.

Сонымен қатар биылғы жылдың 6 мамырында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Қазіргі уақытта күдікті Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесінде (тергеу изоляторында)", - дейді өңірлік полиция департаментінен.

Осы ретте полиция азаматтарды шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауға, тек ресми мәліметтерге сенуге шақырды.

Полицейлер жалған ақпарат таратқан адам оның ішінде әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы таратқан азамат заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969478-zambyl-oblysynda-zorlau-deregi-boiynsa-kudikke-ilingen-azamattyn-qamaudan-qasyp-ketkeni-ras-pa/

pixel