Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр, найзағай, бұршақ: Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаңбырлы күн
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 17-19 мамыр аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте еліміздің бірнеше облысында жаңбыр жауады.

Атап айтқанда, 18-19 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 19 мамырда солтүстікте қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Сонымен қатар синоптиктер республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады деп болжап отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Метеорологтардың дерегінше, мамырда елімізде күн құбылмалы болады. Яғни, ауа температурасы жоғарылап, кейде төміндеуі де мүмкін. Ал түнгі уақытта, тіпті үсік жүруі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969483-zanbyr-naizagai-bursaq-aldagy-us-kunde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel