Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрлық жасаған ер адам сот залында босатылды

Опубликовано:

кісен11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты 23 жастағы Қарағанды азаматына қатысты үкім шығарды. Ол қаңтар оқиғасы кезінде ұрлық жасады деп айыпталған болатын. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық сотының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, қаңтар айының 6-нан 7-не қараған түні Қарағанды қаласының 23 жастағы тұрғыны Райымбек даңғылында орналасқан "Maxima" ойын-сауық кешенінің жанынан өтіп бара жатып, ғимараттың терезелерінің сынғанын байқаған. Содан оның ішіне ішіне кіріп, екінші қабаттағы дүкеннен бағасы 33 333 теңге тұратын IPhone 6 маркалы ұялы телефоны мен екі иіс суды жымқырып кеткен.

Бұл әрекеттерді сот ұрлық, яғни қоймаға заңсыз кіру арқылы бірнеше рет жасалған бөтеннің мүлкін жымқыру деп таныған.

Айыпталушы өз кінәсін мойындады.Ол сондай-ақ басқа адамдардың дүкендерден зат алып жатқанын көрген соң өзі де ғимаратқа кіріп, тауарды ұрлағанын жеткізген.

"Сот оның жастығын, кінәсін мойындағанын, шын ниетпен өкінгенін және бірінші соттылығын ескере отырып, минималды 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады", - делінген хабарламада.

Ол сот залында қамаудан босатылды.  

Айта кетейік, айыпталушының күзетпен ұсталған уақытының бір күні бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің екі күні есебімен бірдей болып есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969486-qantar-oqigasy-kezinde-urlyq-zasagan-er-adam-sot-zalynda-bosatyldy/

pixel