Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

4 пайыздық автонесие кезегін өзгеге беруге болa ма

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров 4 пайыздық автонесие кезегін өзгеге беруге болмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Автонесие алғысы келетін тұтынушыларға мына мәліметті жеткізу маңызды. Автосалонда бар көлікке өтінім беріп, сол бойынша несиені жылдам ала қою мүмкін емес. Бағдарлама шарты бойынша, кезекте көрсетілген көліктің маркасы мен моделін өзгертуге болмайды. Тұтынушы VIN-коды бар төлем шотын алып қойған болса, басқа көлікке ауыстыра алмайды. Айнып қалса, басқа көлік алу үшін қайтадан басынан бастап кезекке тұру керек болады", - деді Ринат Гаппаров.

Сонымен қатар қор өкілі кезектің иесін де өзгерту мүмкін емес екенін атап өтті.

Оның сөзінше, нақты бір адамның атына жазылған төлем шотын басқа адамға беруге рұқсат жоқ. Яғни төлем шотындағы жеке тұлғаның аты-жөнін өргертуге болмайды.

"Сонда төлем шотында көрсетілген көліктің түрін де, адамның атын да өзгерту мүмкін емес", - деп түсіндірді Ринат Гаппаров.

Еске сала кетсек, бүгін 16 мамырда елімізде жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы іске қосылды. Осы орайда, белгілі экономист Мақсат Халық несиенің бұл түрі қарапайым халыққа тиімді ме деген сауалға жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969493-4-paiyzdyq-avtonesie-kezegin-ozgege-beruge-bola-ma/

pixel