Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында есірткі сатумен айналысты деген күдікпен фитнес-жаттықтырушысы ұсталды

Опубликовано:

Фитнес
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында есірткі сатумен айналысты деген күдікпен 29 жастағы фитнес-жаттықтырушысы ұсталды, деп жазады Polisia.kz.

Бұл ақпаратты Павлодар облысы полиция департаментінің eсірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мәлік Оңғарбаев растады.

Оның айтуынша, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Павлодар қаласының спорт клубтарының бірінің жаттықтырушысы ұсталған. Күдікті көлігімен тыйым салынған заттарды өткізумен айналысқан.

Тексеру кезінде 29 жастағы ер адам мен оның 19 жастағы серіктесінен 47 грамм гашиш және 52 грамнан астам синтетикалық есірткі табылғаны белгілі болды.

Мәлік Оңғарбаев күдіктілер мессенджер арқылы синтетикалық есірткіні таратқанын жеткізді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлімі ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Екі күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969497-pavlodar-oblysynda-esirtki-satumen-ainalysty-degen-kudikpen-fitnes-zattyqtyrusysy-ustaldy/

pixel