Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда көк түсті жол белгілері пайда болады

Опубликовано:

автотұрақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Көк түсті жол белгілері Қазақстанда алғаш рет пайда болады. Пилоттық жоба Нұр-Сұлтан қаласындағы Нұржол бульварында басталды, деп хабарлайды "Астана тұрақ кеңістігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Instagram парақшасында.

Компанияның мәліметінше, жаңашылдық жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін қарастырылған.

Жоба авторы "көк белгілер жүргізушілерге ақылы автотұрақтың шекарасын оңай әрі жылдам анықтауға көмектеседі" деген пікірде.

"Ашық көк сызықтар ақылы аймақты бөліп, жүргізушілердің назарын аударуы керек.

Егер жаңашылдық қала билігінің мақұлдауынан өтсе, болашақта елордадағы барлық ақылы автотұрақ аймағы көк түсті жол белгілерімен белгіленеді", - деп хабарлады компания.

Компания ақылы тұрақтарға төлем алғашқы 30 минут ішінде жасалуы керек екенін ескертті.

Демалыс және мереке күндері автотұрақ тегін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969509-nur-sultanda-kok-tusti-zol-belgileri-paida-boldy/

pixel