Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәрсенбі күні Алматыдағы аудандардың бірінде ыстық су сөндіріледі

Опубликовано:

су
Көрнекі фото: pixabay.com

Сәрсенбі, 18 мамырда Алматының Бостандық ауданында кейбір ғимараттар ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС-не сілтеме жасап.

Ыстық судың өшуі жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты болмақ.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 18 мамырда 9.00-ден 18.00-ге дейін Бостандық ауданындағы Жароков – Әл-Фараби – Гагарин – Ходжанов көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су берілмейді.

"Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - деді "Алматы жылу желілері" ЖШС өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда Абай даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969515-sarsenbi-kuni-almatydagy-audandardyn-birinde-ystyq-su-sondiriledi/

pixel