Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марқакөлдің бетіндегі мұз желі қолданушыларын таңғалдырды

Опубликовано:

Марқакөл
Фото: Instagram/markakol_1976

Жаздың басталуына санаулы күндер қалды. Еліміздің басым бөлігінде күн жылынып, ағаштар гүлдеп жатыр. Тіпті кейбір қазақстандықтар суға шомылып та үлгерді. Ал Шығыс Қазақстан облысының аумағында бәрі керісінше. Өңірде қыстың ызғары әле кете қоймаған. Оған дәлел - Марқакөлдің бетіндегі мұз, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Марқакөл көлінде әлі мұз бар! Бірақ жайлап еріп, жағалаудан алыстап жатыр. Соңғы бірнеше күнде соққан қатты жел мұзды қозғалуына себеп болды. Енді бөлінген мұздар көл аумағында қалқып тұр", - делінген "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесінің Instagram желісіндегі хабарламасында.

Марқакөл
Фото: instagram.com/markakol_1976

Бұны көрген желі оқырмандары Марқакөлдің сұлулығына тамсанды. Олардың кейбірі мұздың әлі ерімегеніне таңғалғанын жеткізген.

Марқакөл
Фото: instagram.com/markakol_1976

Айта кетейік, көктемнің аяқталуына екі апта қалса да, синоптиктер еліміздің басым бөлігінде мамырдың соңғы онкүндігінде күн күркіреп, жаңбыр жауатынын болжаған болатын.

Марқакөл
Фото: instagram.com/markakol_1976

Марқакөл
Фото: instagram.com/markakol_1976

Марқакөл
Фото: instagram.com/markakol_1976

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969528-marqakoldin-betindegi-muz-zeli-qoldanusylaryn-tangaldyrdy/

pixel