Бүгін Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болмақ
Опубликовано:

17 мамыр күні елордада найзағай ойнауы мүмкін. Басқа екі мегаполисте күн райы ашық болады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.
Мамандар Нұр-Сұлтанда жауын-шашын болып, найзағай ойнайды деп отыр. Дегенмен қаладағы ауа температурасы +26...+28 болып қала бермек. Түнде термометр бағаны +10...+12 градусқа түседі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ал Алматыда құбылмалы бұлтты күн райы күтіледі. Күндіз ауа температурасы +24...+26 градусты, ал түнде +14...+16 градусты құрайды. Жел жылдамдығы 2-7 м/с деңгейінде болмақ.
Шымкентте күн ашық әрі жылы болады. Сейсенбі күні мамандар қалада күндіз +29...+31 градус, ал түнде +17...+19 градус болатынын айтып отыр. Жел жылдамдығы 8-13 м/с құрайды.
Одан бөлек, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау және Түркістан облысында жауын-шашын болып, найзағай ойнауы ықтимал.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында, сондай-ақ Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл болуы ықтимал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969576-bugin-qazaqstan-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolmaq/