Ресей салық төлеуден жалтарған қазақстандыққа іздеу жариялады
Опубликовано:

Ресей Федерациясы салық төлеуден жалтарған қазақстандыққа іздеу жариялады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылымның хабарлауынша, 3 мамырда Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментіне Ресей Федерациясы Алтай өлкесі бойынша сот приставтарының федералдық қызметінен 5 мың рубль мөлшерінде жер салығын төлемегені үшін іздестіріліп жатқан 69 жастағы Қазақстан азаматына іздеу жариялау туралы хат келіп түскен.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде салық төлемеген әйелдің Павлодар қаласында тұрып жатқанын анықтап, мәліметтерді құзырлы органдарға хабарлаған.
ШҚО полицейлері жыл басынан бері осындай 60-қа жуық азаматты анықтаған. Осы ретте көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969587-resei-salyq-toleuden-zaltargan-qazaqstandyqqa-izdeu-zariyalady/