Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысы әкімінің бұрғыны орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

Опубликовано:

Әкімнің экс-орынбасары
Сот залынан фото: "Ақ Жайық" басылымы

Бүгін, 17 мамырда Атырауда облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Сот екі айыпталушыны пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп тауып, Таубаевты 10 жылға, Басаровты 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот сотталушы Таубаевтың қабылдаған антты бұзу арқылы қылмыс жасағанын жазаны ауырлататын жағдай деп таныған.

Бұрынғы шенеуніктер жазасын қауіпсіздігі ең төмен түзету мекемесінде (қоныс колониясы-ред.) өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасы басшысының ұсталғаны туралы ақпарат 2020 жылдың қыркүйегінде пайда болған еді.

Олар бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде 185 млн теңге сомасында пара алуға әрекет жасады деген күдікке ілінген болатын.

Прокурор Нұрлан Таубаевты 11 жылға, ал Тимур Басаровты 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969680-atyrau-oblysy-akiminin-burgyny-orynbasaryna-qatysty-sot-ukimi-syqty/

pixel