Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда салмағы 6 келіден асатын алып қыз бала дүниеге келді

Опубликовано:

Сәби анасымен бірге
Фото: №2 қалалық перзентхананың баспасөз қызметі

Алматыда салмағы 6 келіден асатын қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі №2 қалалық перзентхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медицина мекемесінің мамандарының өзі нәрестенің ірі салмақпен дүниеге келетінін күтпегенін айтады.

"Біз өзіміз сәбидің салмағы 6 келіден асады деп ойлаған жоқпыз. УДЗ салмағы төрт келіден асатынын көрсетті. Бірақ аталған аппарат арқылы нәрестенің нақты салмағын анықтау мүмкін емес. Біз нәрестенің салмағы шамамен 4290 грамм болатынын болжадық", - дейді перзентхананың неонатология бөлімінің меңгерушісі Диляра Сыртанова.

Оның сөзінше, келіншек кесарь тілігінсіз өзі босанған. Сәби өмірге келгеннен кейін 10 күн бойы интенсивті терапия бөлімінде дәрігерлер мен медбикелердің бақылауында болған.

Осыдан кейін тағы 9 күн анасымен бірге жаңа туған нәрестелер бөлімінде қызметкерлердің бақылауында болған.

Одан бөлек алып қыз бала Алматы қалалық №2 перзентханада мұндай ірі салмақпен туған алғашқы сәби болып отыр.

"Бұндай жағдайлар біздің перзентханада ғана емес, қалада да өте сирек кездеседі. Қазіргі уақытта ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы, олар перзентханадан шықты", - дейді Диляра Сыртанова.

Айта кетейік, бұл 23 жастағы келіншектің екінші баласы. Оның тұңғышы да төрт келіден аса салмақпен дүниеге келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969748-almatyda-salmagy-6-keliden-asatyn-alyp-qyz-bala-duniege-keldi/

pixel