Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл жазда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Опубликовано:

фонтаған шомылып жүрген балалар
Фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК биыл жазда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, биылғы жаз айларында елімізде ауа райы құбылмалы болады. Яғни, республика аумағында кей уақытта найзағай ойнап, нөсер жауса, кей уақытта күн желді, сондай-ақ ашық болады деп күтілуде.

Жазғы консультативтік маусымдық болжамға сәйкес, жаздың алғашқы екі айында республиканың батыс жартысында ауа температурасы нормадан жоғары, ал елдің шығыс жартысында нормаға жақын болмақ.

Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз жауады деп күтілуде.

Негізінен республиканың солтүстік-шығыс жартысында, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жаууы ықтимал.

Шілде мен тамыз айларында керісінше, елдің көп бөлігіне жауын-шашын түсіп, климаттық нормаға жақын болмақ.

Ал тамыз айында ел аумағында күн салқын болуы мүмкін. Қазақстанның көптеген облысында температуралық фон климаттық норма шегінде, тек Қазақстанның шеткі солтүстігінде ғана нормадан жоғары болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969779-biyl-zazda-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel