Жетісайлық тұрғын жұмысқа тұрғызып берем деген танысына алданып қалған

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Түркістан облысы Жетісай қаласының тұрғыны "жұмысқа тұрғызамын" деген танысына алданып қалғанын айтып, құзырлы органға жүгінді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын Жетісай аудандық полиция басқармасына арызданған.

Оның сөзінше, сырттай танысы Атырау облысындағы мекеменің біріне жұмысқа тұрғызып беремін деп уәде берген. Ол үшін 150 мың теңге алған. Дегенмен ер адам уәдесін де орындамай, алған ақшаны да қайтармай жүрген.

Бұл жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркеуге алған.

Осыдан соң күдіктіні табуға бағытталған іс-шаралар жүргізілген. Нәтижесінде бір тәулік ішінде алаяқтық фактісіне қатысы бар деген күдікпен Атырау қаласының жергілікті тұрғыны ұсталған.

Оның "жұмысқа тұрғызып берем деп" уәде еткен мекемеде жұмыс істейтіні анықталған.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында тұрғынның тапа-тал түсте өзге әйелдерге алданып қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969824-zumysqa-ornalystyram-zetisailyq-azamat-tanysyna-aldanyp-qaldy/