Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде "стелс-омикрон" штамының таралуына байланысты тағы карантин енгізіле ме

Опубликовано:

бекетте тұрған маман
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирустың "стелс-омикрон" штамының анықталуына байланысты елімізде тағы карантин енгізіле ме деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ажар Ғинияттың сөзінше, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің 12 өңірінде коронавирустың "стелс-омикрон" штамы анықталғанын хабарлаған.

"Коронавирустың бұл түрі "дельта" штамына қарағанда жеңіл өтеді. Бірақ ол жылдам таралып, ауруды қайта жұқтырып алу ықтималдылығымен қауіпті.

Қазір бүкіл ел бойынша бұл штамның таралып жатқанын көріп отырмыз және күн сайын мониторинг жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ симптомдар байқалып, көмекке жүгінген барлық пациент толық көлемде ем қабылдауда. Сырқаттанушылықтың мұндай ағымы кезінде қандай да бір карантиндік шара енгізу жоспарда жоқ.

Сондықтан, өздеріңіз көріп отырғандай, барлық карантиндік шектеулер алып тасталды, қазір халық арасында негізінен профилактикалық жұмыстар жүріп жатыр", - дейді денсаулық сақтау министрі.

Айта кетейік, бұған дейін Ажар Ғиният бүгінде Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін, сондықтан елде барлық карантиндік шектеуді алып тастау туралы шешім қабылданғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969855-elimizde-stels-omikron-stamynyn-taraluyna-bailanysty-tagy-karantin-engizile-me/

pixel