Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пандемия басталғалы бері Қазақстанда коронавируспен күреске қанша қаражат жұмсалды

Опубликовано:

індет74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте пандемия басталғалы бері коронавируспен күреске қанша қаражат жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, коронавируспен күреске бюджеттен миллиардтаған теңге қаржы бөлінген, оның көп бөлігі медицина қызметкерлеріне берілген қосымша төлемдерге бағытталған.

"2020 жылы бюджеттен 252 млрд теңге жұмсалды, оның 28 млрд теңгесі дәрі-дәрмек, қорғаныс құралдарын және медициналық техника сатып алуға жұмсалды.

197 млрд теңге - медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге және іссапар шығыстарына, негізнен алғанда санитарлық эпидемиологиялық қызмет мамандарының іссапар шығыстарына жұмсалды.

Сонымен қатар 2020 жылы халыққа медициналық көмек көрсету бойынша төлем жасауға 20 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 5 млрд теңге – Дүниежүзілік банк арқылы өкпені жасанды желдету құрылғыларын сатып алуға жұмсалды", - дейді министр.

Ал былтыр коронавируспен күреске бюджеттен 556 млрд теңге бөлінген.

"Былтыр коронавирустың үш толқыны болды, жыл бойы осы вируспен күрестік. 97 млрд теңге - вакциналар, шприцтер сатып алуға және КВИ диагностикасына жұмсалды.

413 млрд теңге - медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге және іссапар шығыстарына, 40 млрд теңге - медициналық сақтандыру қорынан ауруханаларда емделуге төленеді.

2022 жылы 86 млрд теңге жұмсалады деп жоспарланып отыр. Оның 9 миллиарды вакцина сатып алуға жұмсалды. Vero Cell және QazVac вакциналарын сатып алдық. 20 млрд теңге "СК-Фармацияға" өткен жылы Pfizer вакцинасын сатып алғаны үшін төленді, біз бұл туралы мәжілісте айттық", - дейді денсаулық сақтау министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969870-pandemiya-bastalgaly-beri-qazaqstanda-koronaviruspen-kureske-qansa-qarazat-zumsaldy/

pixel