Таразда белгісіз біреу тұрғынды пышақпен қорқытып, алтындарын алып кеткен
Опубликовано:

Таразда жергілікті тұрғынды пышақпен қорқытып, тонап кетті деген күдікпен 23 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылымның дерегінше, "102" операторының пультіне облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны хабарласқан.
Әйел сағат 14:30 шамасында белгісіз адам оның үйіне кіріп, пышақпен қорқытып, жалпы сомасы 700 мың теңге болатын алтын әшекейлерін алып кеткенін айтқан.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 23 жастағы жергілікті тұрғынды ізін суытпай анықтап, қолға түсірген. Ұсталған азамат кінәсін мойындаған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігі ("Қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Сондай-ақ бірқатар қажетті сараптама тағайындалған.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Одан заттай айғақтар тәркіленген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969874-tarazda-belgisiz-bireu-turgyndy-pysaqpen-qorqytyp-altyndaryn-alyp-ketken/