Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тасмағамбетов Қазақстан Гольф федерациясының президенті болып сайланды

Опубликовано:

Иманғали Тасмағамбетов
Фото: kazembassy.ru

Бұрынғы премьер-министр Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Гольф федерациясының жаңа президенті болып сайланды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстан Гольф федерациясының басшысы қызметін атқарған 75 жастағы Нұртай Әбіқаев құрметті президент болды.

Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы Гурьев облысының (қазіргі Атырау облысы) Махамбет ауданында дүниеге келген. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының (қазіргі Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті) Жаратылыстану-география факультетін "география және биология пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі, Атырау облысы, Алматы мен Нұр-Сұлтан әкімі, мемлекеттік хатшы және Қорғаныс министрі лауазымдарын атқарған.

2017 жылы Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі болды.

2019 жылы зейнетке шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969877-tasmagambetov-qazaqstan-golf-federaciyasynyn-prezidenti-bolyp-sailandy/

pixel